«Құзыретті педагог – заманауи тәрбие кепілі» атты аудандық
2025 жылдың 30 қыркүйек күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жоспарына сәйкес : «Құзыретті педагог – заманауи тәрбие кепілі» атты аудандық коуч-семинар өтті. Мақсаты: Балабақша педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру талаптарына сай тәрбиелеу мен оқыту әдістерін тиімді қолдануға үйрету, сондай-ақ, педагогикалық тәжірбие алмасуға жағдай жасау.