"Таңшолпан" бөбекжай-бақшасы туралы жалпы мәлімет » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Таңшолпан" бөбекжай-бақшасы туралы жалпы мәлімет
01
шілде
2024

"Таңшолпан" бөбекжай-бақшасы туралы жалпы мәлімет

Заңды тұлғаның атауы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің  «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны 

2017 жылдың 13-ші, желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ашылған.

Жобалық қуаты -  240 орын.

Мекен-жайы: Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, С.Ахтамбердиев көшесі №1 «А» үй.

Электронды поштасының мекен-жайы: tansholpanbb@bk.ru

Техникалық паспорт: 3 қабатты кірпіш ыңғайландырылған ғимарат. Мекеме 2013   жылы толық қайта жөндеуден өткізілген және пайдалануға берілген, жалпы ауданы 1,5243га. Ғимаратта заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 10 топтық бөлмелер, музыка залы, медициналық блок (дәрігердің бөлмесі, егу және оқшаулау кабинеті), меңгеруші, есепшілік бөлімі, қабылдау бөлімі, педагог-психолог бөлімі, кір жуу бөлімі, әдістемелік бөлмесі,   «Сиқырлы бояулар» бейнелеу өнер студиясы, роботехника кабинеті, «Атадан қалған ұлы мұра» этномәдени орталығы, спорттық зал, «Ертегілер еліңде» театр залы бар. Кабинеттер қажетті әдістемелік және техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген: интерактивті тақта, проектор, синтезатор, музыкалық орталық, музыкалық аспаптар, планшеттер.

Балабақша білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 26 педагог қызмет етеді. Олардың ішінде: меңгеруші, әдіскер -1, тәрбиешілер- 20, педагог-психолог – 1, саз жетекшісі  – 1, дене шынықтыру нұсқаушылары  – 2.

Балабақшаның педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының
 
сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып жұмыс атқарады.

МКҚК «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының басқаруы «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, балабақшаның Жарғысына, «Мектепке дейінгі ұйымдары қызметінің типтік ережелеріне» сәйкес  және оның тиімді қызметі мен дамуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған. 

Еңбек қатынасы ұжымдық келісімшартқа сәйкес жүзеге асады.МКҚК «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы аптаның 5 күндік жұмыс уақытымен істейді. Балалардың болуы 10,5 сағат.

10 қазақ тілді топтар жұмыс істейді. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив