"АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ" мектепке дейінгі орта жас «Түймедақ» тобы
Балаларға жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, әсіресе «күз» мезгілінің байлығы, жомарттығы туралы түсінік беру. Бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау: тақпақ айту, ән шырқау, ырғаққа сай би билеу дағдыларын дамыту.Экранды (мультимедиа) және интерактивті элементтерді пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, ертегі кейіпкерлерімен бірлесе отырып тапсырмаларды орындауға баулу.Эстетикалық тәрбие беру, табиғатты сүюге және еңбекті бағалауға үйрету мақсатында мектепке дейінгі орта жас «Түймедақ» тобында ертеңгілік өтті.
Мерекеге келген Қарлығаш пен Ерке Мысықтың бос себетін толтыру мақсатында сиқырлы сандықтың 3 кілтін іздеу ойыны ұйымдастырылды
Экраннан Алтын Жапырақ шығып, балаларға «Сары жапырақтар биін» билеуді және тақпақтар айтуды тапсырды. Балалар (Жания, Амина, Аяна, Көзайым, Адина, Адия, Айсана) тақпақтарын мәнерлеп айтып, алғашқы сары кілтті алды.
Дана Ағаш бақша жемістері мен көкөністері туралы тапсырма берді. Балалар «Жемістер мен көкөністер биін» билеп, жеміс-жидектерді таныстыратын тақпақтарын оқыды (Қажымұқан, Аян, Бағлан, Омар, Абулхаир). Екінші кілт табылды.

Көңілді Бұлт қолшатырмен билеуді сұрады. Қыздар қолшатырмен, ұлдар тамшылар болып «Тамшылар мен Қолшатыр» биін керемет орындады. Қалған балалар (Даниял, Айтас, Дидар, Амели, Сафия, Аружан, Маржан) күз тақпақтарын айтып, үшінші көк кілтке қол жеткізді.

. Қорытынды:
Үш кілттің көмегімен сиқырлы сандық ашылып, ішінен шырынды алмалар мен тәтті сыйлықтар шықты. Кейіпкерлер балаларға сыйлықтар үлестіріп, өз бағыттарына (жылы жаққа, үйлеріне) аттанды. Ертеңгілік көңілді әуенмен, естелік суретке түсумен аяқталды.
Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Мультимедиа мен жанды кейіпкерлердің үйлесім табуы балалардың белсенділігін арттырды. Балалардың өнер көрсетудегі дайындығы, ата-аналардың қолдауы жоғары деңгейде көрінді.
https://www.instagram.com/reel/Dey_lQnIujF/?vrfl=c3ZwY3NjMXZlNGV6