«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мерекелік ертеңгілік » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мерекелік ертеңгілік
18
наурыз
2026

«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мерекелік ертеңгілік

2026 жылдың  наурыз айынның 18 жұлдызы күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында ересек жас «Бүлдірген» тобында 22 Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру, Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.
Ертеңгілік барысында балалар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Балалар «Наурыз көже», «Көрісу», «Шашу» дәстүрлері туралы мағлұмат алды.
Іс-шара өте қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Балалар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Мереке соңында көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтары артты.
Нәтижесінде:Ұйымдастырылған ертеңгілік балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.https://www.instagram.com/reel/DWN3F-RDB-X/?igsh=MWg0a2VtYWdjdWwxdA== 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив