"Арайлы Алтын күз" мектепалды "Бүлдірген" тобы » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Арайлы Алтын күз" мектепалды "Бүлдірген" тобы
19
қазан
2026

"Арайлы Алтын күз" мектепалды "Бүлдірген" тобы

2026 жылдың  19 қазан  күні «Таңшолпан» балабақшасының мектепалды «Бүлдірген» тобында тәрбиеленушілер арасында «Алтын күздің ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген қызығушылықтарын, тапқырлығы мен сөйлеу дағдыларын дамыту. Балалардың бойындағы әсемдікке, сұлулыққа, ізеттілікке және өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеп, мерекелік көңіл күй қалыптастыру.

Мерекелік іс-шара барысында жүргізуші қонақтар мен ата-аналарды қарсы алып, «Бүлдірген» мектепалды тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырды. Балалар «Күз тамаша» әнін хормен орындап, мерекенің шымылдығын ашты. 

 Сайысқа қатысушылар таныстырылып, төрт кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. 
Атап айтқанда, «Өзіңді таныстыр» кезеңінде балалар өздерін таныстырып, бойындағы ерекшеліктерін көрсетті
«Өнеріңді көрсет» кезеңінде ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін танытты. 
Сонымен қатар балалар күз мезгіліне арналған тақпақтарын мәнерлеп оқыды

«Кім тапқыр?» кезеңінде тәрбиеленушілерге мектепалды даярлық бағдарламасына сәйкес сұрақтар қойылып, күз мезгіліне байланысты жұмбақтар жасырылды. Балалар өздерінің білімдерін, ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын көрсетті.

Іс-шара барысында қыздардың «Күзгі жапырақтар» биі орындалып, мерекеге Түлкі кейіпкері қатысып, балалармен бірге «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырды

Ал «Күзгі сән әлемі» кезеңінде қатысушылар күз мезгіліне сай киім үлгілері мен қолөнер туындыларын таныстырды.

Сайысты бағалау үшін әділқазылар алқасы құрылып, қатысушылардың өнері, тапқырлығы, шығармашылығы және сахнада өзін ұстауы ескерілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, барлығы Күз ханзадасы мен Күз ханшайымына лайықты екені анықталды. Барлық қатысушыларға дипломдар табысталды.

Қорытынды: «Алтын күздің ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік сайыс өз мақсатына жетті. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көпшілік алдында еркін сөйлеуіне, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және өзара сыйластыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив