“Витаминдер мен минералдардың бала ағзасына маңызы”
Медбике: Әлтаева.Б.С 3-6 жас аралығында баланың сүйек жүйесі қалыптасып, ми қызметі белсенді жұмыс істейді. Сондықтан бұл кезеңде «құрылыс материалдарының» жетіспеушілігі баланың тез шаршауына, зейінінің төмендеуіне және жиі ауруына себеп болады. 1. Ең қажетті дәрумендер және олардың қызметі Бала ағзасына күнделікті қажетті негізгі дәрумендер: А дәрумені (Өсу дәрумені): Көру қабілетін жақсартады, тері мен шырышты қабықтардың саулығын сақтайды. Қайда бар: Сәбіз, асқабақ, жұмыртқаның сарысы,