"Болашақ әлемі" ашық есік күні » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қыркүйек
2023

"Болашақ әлемі" ашық есік күні

Ашық есік күні ата-аналарды қарсы алудан басталды. Бөбекжай меңгерушісі С.Н.Нұрмергенқызы ата-аналарды өзі қарсы алды. Ата-аналарды әр топтың жабдықталуы мен жұмыс іс-әрекеттерімен таныстырды. Ата-аналар әр бөлменің қызметімен танысты."Атадан қалған ұлы мұра" этномәдени орталығында мектепалды "Түймедақ" тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен "Тұсау кесу" салт-дәстүрін тамашалады. "Сиқырлы бояулар" арт студиясында "Жас суретші" "Жұлдыз", "Бәйтерек", "Алтын сақа" топ ата-аналары  мен тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған көрмесін тамашалады. "Спорт әлемі"-денсаулық орталығында "Құлпынай" ересек жас тобының тәрбиеленушілерінің "Кім жүйрік" эстафеталық ойындар жарысын тамашалады. Сонымен қатар "Ертегілер елінде" шығармашылық орталығында "Қарақат" мектепалды тобының тәрбиеленушілерінің "Достық" сахналық қойылымын тамашалады. "Болашақ әлемі" концерттік бағдарламаны тамашалап жақсы әсер алды. Соңында бөбекжай психологы рефлексия ұйымдастырып, ата-аналар өздерінің бүгінгі күннен алған әсерлерін жүрекше қағазға жазып, тілектерін білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив