---
«Қант пен тұзды шектен тыс пайдаланудың салдары»
Медбике: Джанкелбекова Ғ Құрметті ата-аналар! Баланың денсаулығы – отбасы үшін ең қымбат байлық. Баланың дұрыс өсіп-жетілуі, иммунитетінің қалыптасуы және денсаулығының мықты болуы күнделікті тамақтану тәртібіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде балалар арасында тәтті тағамдар, газдалған сусындар, тұзды қытырлақтар мен дайын өнімдерді шамадан тыс тұтыну жиі кездеседі. Қант пен тұз ағзаға белгілі бір мөлшерде қажет болғанымен, оларды шектен тыс пайдалану баланың денсаулығына кері әсер етуі