28
қаңтар
2025
«Дәрі тамақ болу, тамақ дәрі болуы керек»
Медбике: А.Иманжанова
Бұл дана сөздің түпкі мағынасы денсаулыққа байланысты ұстанымнан туындайды. Яғни:
"Дәрі тамақ болу" дегеніміз – адам денсаулығын нығайту үшін химиялық дәрі-дәрмектерге емес, пайдалы және табиғи тамаққа жүгіну. Тамақ адамға қажетті дәрумендер мен минералдарды беретін дәрінің рөлін атқаруы тиіс.
"Тамақ дәрі болуы керек" – тұтынылатын тағам адамды ауру-сырқаудан сақтап, денсаулықты жақсартуы керек дегенді білдіреді. Яғни, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану аурудың алдын алатын табиғи дәрі бола алады.
Бұл қағида салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың маңызды екенін айқындайды.