«Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері»
Медбике: А.Иманжанова
Балалардың дұрыс тамақтануы – олардың денсаулығы мен дамуы үшін өте маңызды. Ата-аналарға арналған негізгі ережелер:
1. Теңгерімді тамақтану
Ас мәзірінде ақуыз (ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері), көмірсулар (көкөністер, жарма, жемістер) және пайдалы майлар (жаңғақтар, өсімдік майлары) болуы керек.
Фастфуд пен өңделген тағамдарды шектеу.
2. Күнделікті тамақтану режимін сақтау
Баланы белгілі бір уақытта тамақтануға үйрету.
3 негізгі тамақтану және 2 жеңіл тағам (тісбасар) ұйымдастыру.
3. Тағамның сапасы мен қауіпсіздігі
Балаларға жаңа піскен және табиғи өнімдерді беру.
Өнімдердің жарамдылық мерзімін тексеру.
Қайнатылған немесе сүзгіден өткен су ішуін қадағалау.
4. Қант пен тұзды азайту
Газды сусындар мен тәттілерді шектеу.
Тағамға тым көп тұз қоспау.
5. Үлгі болу
Баланың тамақтану әдеті ата-анасына байланысты, сондықтан отбасы дұрыс тамақтану қағидаларын ұстануы керек.
6. Баланы тамақтануға қызықтыру
Онымен бірге ас әзірлеу.
Әдемі безендірілген тағамдар дайындау.
7. Дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды енгізу
Кальций (сүт өнімдері), темір (қызыл ет, көк шөптер), омега-3 (балық, жаңғақтар) алуын қадағалау.
8. Дұрыс сұйықтық режимі
Күніне кемінде 1-1,5 литр су ішуін қамтамасыз ету.
Шай, кофе, тәтті шырындардың орнына таза су беру.
Егер ата-ана осы қағидаларды ұстанса, бала салауатты өмір салтын ерте жастан қалыптастырады.