2023-2024 оқу жылындағы АКП жұмысы туралы мәлімет
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанынан құрылған ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысы туралы мәлімет
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункт 2023 жылдың тамыз айында құрылған.
Мақсаты: отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету.
АКП құрамында балабақша меңгерушісі, әдіскер, педагог-психолог, медбике, саз жетекшісі және дене шынықтыру мамандары бар. Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған отбасыларды анықтау және консультативті пунктке шақыру және балабақша жұмысымен таныстыру мақсатында «Болашақ әлемі « атты ашық есік нүні ұйымдастырылып өткізілді. Балабақшамен қамтылмаған 9 бала және олардың ата-аналары тіркелді. Тіркелген балалардың жас ерекшеліктері 2 жас, 3 жас, 4 жас.
Мектепке дейінгі жастағы бөбекжай-бақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пунктінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сай келесі тақырыптар бойынша: «Балабақша өмірі ішінен қарағанда», «Тазалық - денсаулық кепілі», «Ұялшақтық, ұяңдық оны қалай жеңуге болады?», «Мамандар кеңес береді» консультациялар, «Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейін тұрақтылығын үстел-үсті ойындары арқылы дамыту», «Баланың музыкалық тыңдау қабілетінің бар екендігін анықтауға арналған жаттығулар», «Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру» онлайн-консультациялар, «Гиперактивті бала» жадынама, «Мектепке дейінгі балалардың сурет салу өнерінде дәстүрден тыс әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» кеңестер, «Секіру» ойын –сауығы өткізілді.
Нәтижесінде мектепке дейінгі жастағы бөбекжай-бақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына мектеп жасына толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнінде әлеуметтендіруге әдістемелік көмек көрсетілді.
Сілтеме: tansholpan-merki.edu.kz/akp/
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының басшысы: С.Н.Баубекова