«Дамытушы ойындарды қолдану – баланың жан-жақты дамуының кілті» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дамытушы ойындарды қолдану – баланың жан-жақты дамуының кілті»
07
қараша
2025

«Дамытушы ойындарды қолдану – баланың жан-жақты дамуының кілті»


Әдіскер: Ж.Ш.Раймкулова

Мақсаты:Ата-аналарға дамытушы ойындардың бала дамуына тигізетін әсері туралы түсінік беру, отбасында ойын арқылы баланың ой-өрісін, тілін, қиялын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту жолдарын ұсыну.

Құрметті ата-аналар!Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті, оның дамуындағы ең маңызды құрал.Бала ойын арқылы дүниені таниды, өз ойы мен сезімін білдіреді, ересектердің өмірін бейнелейді және жаңа білім мен дағдыларды игереді.Дамытушы ойындардың балаға берері көп:1.  Ойлау және есте сақтау қабілетін дамытады– Логикалық ойындар мен басқатырғыштар баланың зейінін, есте сақтауын күшейтеді.2.  Сөйлеу және тіл байлығын арттырады– Сөздік ойындар, рөлдік ойындар арқылы бала өз ойын еркін жеткізуді үйренеді.                                                                                                                      3.  Қиял мен шығармашылық қабілетті жетілдіреді– Құрастыру, сурет салу, ертегі құрастыру ойындары баланың шығармашылығын оятады.4. Қимыл-қозғалысын дамытады– Қозғалыс ойындары арқылы бала епті, шапшаң және шыдамды болуға дағдыланады.5.  Қарым-қатынас пен эмоциялық мәдениетті қалыптастырады– Бірге ойнау арқылы бала достық, сыйластық, көмектесу сияқты әлеуметтік дағдыларды меңгереді.Үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым дамытушы ойындар:Ойын атауы Мақсаты Мысалы«Не өзгерді?» Зейін мен есте сақтауды дамыту Үстелге бірнеше зат қойып, біреуін алып тастап, баладан не өзгергенін сұраңыз.«Суретті жалғастыр» Қиялды дамыту Балаға жартылай салынған сурет беріп, оны өзі толықтырсын.«Қай дыбыс?» Тіл дамыту Заттың атауын айтып, алғашқы дыбысты табуды ұсыныңыз.«Санайық» Математикалық ойлау Күнделікті өмірде заттарды бірге санатыңыз (баспалдақ, ойыншық, жеміс т.б.).Ата-аналарға кеңес:Күн сайын 10–15 минут балаңызбен дамытушы ойын ойнауға уақыт бөліңіз;Баланың жас ерекшелігіне сай ойындар таңдаңыз;Мақтау сөздеріңізді аямай, ойын кезінде баланы ынталандырыңыз;Балаға таңдау еркіндігін беріңіз – ол өзі ойынды таңдасын;Ең бастысы – ойынды көңілді, еркін атмосферада өткізіңіз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив