«25 қазан Республика күні»
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобы
Тақырыбы: «25 қазан Республика күні» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Рәміздердің суреті, бас қаланың суреттері
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын барысы.
Барысы: Қазан айының 24 жұлдызы күні мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобында «25-қазан Респулика күні» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Тақырыптық іс-шара барысында сұрақ-жауап әдісі арқылы тәрбиеленушілерге сұрақтар қойып жауаптарын алдық. Отан туралы түсіндіріп өттік. Сурет жұмыс жасау барысында бас қаламыз Астана қаласымен таныстырып өттік. Үстел-үсті «Пазл» ойыны арқылы елордамыздағы басты ғимараттардың бейнесін құрастырды. Құрастыру барысында балалардың ойлау, жылдамдық қабілеттері артты. Тәрбиеленушілер тақырыптық іс-шараға арналаған тақпақтарын айтты. Дидактикалық ойын «Суретке қарап орналастыр» ойыны арқылы балалар елордамыздағы ғимараттарды орналастыра білді. Тақырыптық іс-шараны «Менің Отаным» хорымен аяқтады.



