«Жол тәртібін сақтаймыз!»
22- Қараша күні мектепке дейінгі ересек жас «Құлпынай» тобының «Жол тәртібін сақтаймыз!» атты ойын-сауық ұйымдастырылып, балаларлар өз өнерлерін көрсетті.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметін, таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез – құлығын, өзін – өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана – сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін – өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Ойын-сауық балалардың амандасуымен басталып, Бағдаршам туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Топқа инспектра апай келіп өзін таныстырып, балаларға жол ережелерін түсіндірді.
Балалар Кірпі мен Түлкі ертегісін сахналап берді.
Балалармен бірге Кірпі мен Түлкі тақпақтарын айтып берді. Мадина,
Балаларды бағдаршам көздеріне сәйкес түстер арқылы 3 топқа бөлініп, орындарына жайғасты.
Қызылдар тобы:« көліктер» қажетті заттар: (желім, күріш,қылқалам,сулы орамал)
Шарты: балалар көліктерді түстеріне қарай жапсырды.
Сарылар тобы: «Түстерді тап» (пластилинография әдісі)
Шарты: балалар түстерге сәйкес ермексазды жағу арқылы көліктерді бояды.
Жасылдар тобы: «Бағдаршам» құм терапия әдісі
Шарты: Бағдаршамның үш тор көздерін, түстеріне қарай орналастырды.
Хор: «Жол ережелері» әні.





