"Ертегілер әлемі"
Мектепке дейінгі ересек жас «Құлпынай» тобы
Театрландырылған қолғап «Алма» ертегісі ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы ертегіні тыңдауға қызығышылығын оятуға, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре отырып дұрыс сөйлеуге баулу.Ертегі желісінде кейіпкерлердің, ой-өрісін, қабілетін ,сөздік қорын меңгерту бір –біріне деген жанашырлығы, татулығы, достыққа адал болу керек екендігі бейнеленген.
Міндеттері:
- Баланың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
- Балалардың адамгершілікке баулу,ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды,салмақты ой айтуға баулу.
- Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме ертегі шығарып айтуға дағдырландыру.
- Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға өзіне деген қарым-қатынас мәдинетін қалыптастыру.
Театрландырылған ойындар қойылымдары болып саналы екен, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде ойната отырып,оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдинетке, өнерге деген құштарлығын ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табысып білуге үйрету. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрланған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді.
Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады.
Қолғап театры «Алма» ертегі кейіпкерлер: Аю, қоян, кірпі, қарға

