12
желтоқсан
2023
«Терезе алдындағы бақша»
Топтағы табиғат бұрыштарында тәрбиешілер балалармен бірге өсімдіктердің дамуын бақылайды. Сонымен қатар гүлдерге күтім жасау арқылы кішкентай өсіп келе жатқан бүлдіршіндерді еңбекке баулу барысы жүзеге асады. Терезе алдығындағы бақша жыл сайын қыс мезгілінде ұйымдастырылады. Балалар терезе алдындағы бау-бақшамыздың әрбір өсіп шыққан көкөніс пен өсімдіктеріне риза болып, қуаныштан жүздеріне күлкі ұялап, жасаған еңбегінің жемісін көреді. Бұл жұмыстар арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, бау-бақшаның пайдасы жайлы ақпараттандырдық.Балаларымен бау-бақшаны отырғызу барысында өсімдіктер мен көгөністердің жетілу барысын бақылап, оларға күтім жасайды.



