«Сиқырлы сөздер» ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сиқырлы сөздер» ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті
21
қараша
2025

«Сиқырлы сөздер» ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті

2025 жылдың 21 қараша  күні кіші жас «Еркетай» тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекетке  бөбекжай- бақшаның әдіскері және тәрбиешілері қатысып өз пікірлерімен алмасты.Іс-әрекет Тақырыбы: «Сиқырлы сөздер»  

Мақсаты: Балаларға сиқырлы (сәлем, рақмет, кешір, өтінемін) сыпайы сөздердің маңызын ойын арқылы түсіндіру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мейірімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.


Бұл іс-әрекетте балалар Сайқымазаққа көмектесу арқылы «Сиқырлы сөздер» айту дағдысын ойын түрінде меңгереді. Сайқымазақ сыпайы сөздерді ұмытып қалады, ал балалар оған ойындар, қимыл-әрекет және жағдаяттық тапсырмалар арқылы үйретеді. Іс-әрекетке дидактикалық ойындар («Сиқырлы сөзді тап», «Сөзді аяқта», «Не істеу керек?») ендіріледі.  

Нәтижесі: Балалар «рахмет», «кешір», «өтінемін», «сәлем» сияқты сөздерді орынды қолдануды үйренді.

Негізгі бөлім:

Тосын сәт: Есік қағылып ішке Сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме достарым! Сендерден көмек сұрап келдім. 

Тәрбиеші:Сайқымазақ  қандай көмек керек?



Сайқымазақ: Балалар мен біраз тапсырмаларды өзім жалғыз орындай алмадым сендердің маған көмектерің керек болып тұр

Қимылды ойын:Шариктерді жинау

Сайкымазак абайсызда ойыншыктарын шашып алады.Балалар ойыншықты жинап береді.   ( сайқымазақ рахмет айтады)

Ойын: Сенсорика

Сайқымазақтың түрлі-түсті ойыншықтарын тауып беру.

Сайқымазақ ой балалар рахмет сендерге! Менің көңіл күйім сәлде болса көтеріліп қалды,мен сендермен бірге билесем тіптен жақсы көңілім көтеріліп қалар еді.

Сергіту сәті

Сайқымазақ :Балалар мен бауларымды дұрыс байлай алмай жолда әбден әбігерге түстім сендердің маған көмектерің керек болып тұр

Ойын:Монтессори



Тәрбиеші:Балалар Сайқымазак бізге өтінемін деп айтты,кәнекей сол сөзді қайталайықшы.

Өтінемін сөзін балаларға айтқызу.

Қортынды бөлім: 

Балалар Сайқымазақтың шарларын тауып береді.


https://www.instagram.com/reel/DQJhIRpDEp9/?igsh=MXJrZTR4MWVkcW5veQ==   

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив