07
сәуір
2026
«Сау болу — сәнді»
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында медбике балалар мен ата-аналарға «Сау болу — сәнді» тақырыбында кеңес өткізді. Іс-шара барысында дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен айналысу, жеке бас тазалығын ұстану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балаларға дәрумендерге бай тағамдарды пайдалану, таза ауада серуендеу, қолды жиі жуу және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттігі айтылды.
