"Мың алғыс!"
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: темекет жасауға қажетті заттар, ертоқым, қызғалдақ гүлінің суреті. Түрлі-түсті қаламдар, қима қағаздар, желім.
Барысы:
Балаларға көктем мезгілі туралы айтты / сурет бойынша түсіндірді/. Осы сәттен балалар хормен «Көктем келді» әнін хормен орындады. Мерекелік іс-шара барысында балалар бір-біріне, ата-аналарына алғыстарын білдірді. Апаларымен аналарына алғыс білдіру үшін текеметті әсемдеп берді. Осы сәтте балалар алғыс айту күніне тақпартар айтты. Атасымен әкесіне алғыс білдіру үшін қима қағаздармен желімнің көмегімен тақияны сәндеді. Қыздар «Қамажай» биін биледі. Табиғат анаға алғыс білдіру үшін түрлі-түсті қаламның көмегімен қызғалдақ гүлін бояды. Педагогтарға балалар алғыс білдіріп жүрекшелер берді.





