«Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем!» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем!»
20
наурыз
2024

«Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем!»

 

«Түймедақ» мектепалды  тобы «Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем!» атты ертеңгілік өткізілді.

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, тақпақ айту,көрініс,ұлттық ойындар
 
Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық іс-әрекет ойындармен балалардың Наурыз мерекесіне арнаған тақпақтары ,билерімен, қосыла айтқан өлеңдері ерекшеленді. Балаларға  арналған ұлттық ойындардың «Күш сынасу», «Сақина салу», сынды ұлттық ойындардың бірнеше түрлері ойналды,  Әжей ортаға шығып балаларға қазақ салт дәстүрлерінің бірі «Ат қою» рәсімін көрсетті балаларға арналған наурыз мерекесіне қатысты қызықты сұрақтар қойылды және « Көктем келді» әні шырқалды. Мың бұралған биші қыздарымыз «Қамажай» биін мың бұрала биледі.Ертеңгілік соңында балаларға  ата өз батасын берді. Балалар наурыз мерекесіне арналған Наурыз көжеден дәм татуға дастарханға отырды

Ата- аналар балалардың өнеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив