“Баланың Шығармашылық қабілетін дамыту”
1. Музыкалық орта қалыптастыру Баланың шығармашылығы ол естіген дыбыстардан басталады. Кеңес: Үйде тек балалар әндерін емес, классикалық музыканы (Моцарт, Вивальди) және ұлттық күйлерді (Құрманғазы, Тәттімбет) жаймен қойып қойыңыз. Музыка баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып, қиялын оятады. 2. «Шулы оркестр» (Үй жағдайындағы аспаптар) Қымбат аспап сатып алу міндетті емес, шығармашылық кез келген заттан басталады. Кеңес: Бос пластик бөтелкеге бұршақ немесе күріш салып, "мақаракас" жасаңыз.