“Тәртіп пен мейірімділікті қатар ұстану”
Тәртіп пен мейірімділіктің алтын ортасын табу — баланың болашақта өзіне сенімді және жауапкершілікті тұлға болып қалыптасуының негізі. Балабақша меңгерушісі ретінде сіздерге мынадай кеңестерді ұсынамын: 1. Күн тәртібі — тәртіптің негізі Балабақшадағы балалардың жинақы болуының басты құпиясы — қатаң сақталатын күн кестесі. Үйде де осы жүйені орнатыңыз: Ұйқыдан тұру, тамақтану және серуендеу уақытын бір сағатқа бекітіңіз. Бала алда не күтіп тұрғанын білсе (мысалы: "ойыннан кейін тамақ ішеміз"),