ҰІӘ «Түлкі мен тырна» ертегісі. "Жұлдыз" тобы
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі.
https://www.instagram.com/reel/DCVnhg1sqfI/?igsh=MWNvcDhlcjFsb3E0cw==Бөлімі: «Коммуникативтік дағдыларды дамыту»,«Балалардың шығармашылық дағдыларын зерттеу іс-әрекетін дамыту»
Кіріктірілген ұйымдастырылған іс –әрекет: «Көркем әдебиет, сурет салу, жапсыру, құрастыру, музыка»
Мақсаты: «Түлкі мен тырна» ертегісін қызығушылықпен тыңдауға үйрету. Ертегіні сомдау арқылы сөздік қорларын молайту. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Сахналық қойылымға қатысып, белгілі образды сомдауды меңгерді. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйренді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жасанды интеллект, 4D форматтағы аңдар кітабы, 3D форматтағы сурет, 3D виртуальді кубиг.
Кіріспе бөлімі:
Барысы: 
Жасанды интелек бойынша Білім ханшайымы тікелей эферге шығып балаларға түрлі сұрақтар қойды. Педагог интербелсенді тақта арқылы ертегілермен таныстырып өтті. Осы сәтте қонаққа әже келді. Әже балаларға ертегі оқып бергісі келеді алайда әженің ұялы телефонымнан қу түлкінің жанды бейнесі шығып жатыр деп көмек сұрайды. Балалар әжеге ертегіні сахналап береді. Автор Нұрболқызы Дария, түлкінің рөлін сомдаған Жолдас Асылым, тырнаның рөлін сомдаған Исмаил Айзат. Ертегі барысында түлкі тырнаға ренжіп қалады. Балалар түлкінің көңілін көтеру үшін «Түлкішек» әніне би билеп берді. Балалар «Жұмыртқа ашу әдісі» арқылы тырна және түлкі топтарына бөлінеді. Әр бала өзінің таңдаған тобына барып отырады. Балалар өз топтарында шығармашылық жұмыстар жасайды. Қауіпсіздік ережелері туралы айтып өтті.
Тырна тобы: «Жасырылған бейнені анықта»
Барысы: Бастыру әдісі арқылы жасырылған заттың бейнесін анықтап су бояқпен бояу.
Түлкі тобы: Жапсыру іс -әрекеті.Жапырақтан түлкінің бейнесін шығару.
Барысы: Жапырақ және қима қағаздарды пайдалану арқылы түлкінің бейнесін жапсыру.Оригами әдісі бойынша тырнаның бейнесін жасау.
Жеке жұмыс: Исмаил Ержет, Пернебек Мирас
(Танграмм және жасанды тас арқылы түлкінің бейнесін шығару) Жұмыс жасау барысында балалар өлең жолдарын айтып өтті. Әже балаларға қонақ келгенде қалай қарсы алу керек туралы өсиет айтып өтті. «Құм терапиясы» арқылы балалар түлкі мен тырнаны достастырды. Әуен ойнатылып жасанды интелек арқылы кітап телекөпірге шықтты. Балалар кітаптың тапсырмаларын орындады.
Түлкі тобы: 3D кітабынан түлкі мен тырнаның бейнесін бояп тамашалау.
Тырна тобы: 3D виртуальді кубигін пайдалана отырып «Түлкі мен тырна» ертегісін көру. Қорытынды бөлім барысын сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылады. 