ҰІӘ «Менің отбасым»"Жұлдыз" тобы » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰІӘ «Менің отбасым»"Жұлдыз" тобы
12
қараша
2024

ҰІӘ «Менің отбасым»"Жұлдыз" тобы

Тақырыбы: «Менің отбасым»

https://www.instagram.com/reel/DCWcjZ9ME_I/?igsh=MTUwcHpxY3duYXhrNA== 

Бөлімі: Коммуникативтік дағдыларды дамыту, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.
 Ашық ұйымдастырылған іс - әрекеті: 
Кіріктірілген-қазақ тілі, сурет салу, музыка, мүсіндеу.

Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға дағдыландыру. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Туыстық қарым-қатынасты («сіңлі», «жеңге», «жезде», «нағашы», «жиен»,«бөле») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасы суреттері, ойынға қажетті заттар.

Әдіс - тәсілдер: мнемотехника, интервью (сұхбат), ойын, сұрақ-жауап әдістері, жасанды интелекті.

Барысы: Сарымолдае ауылы «Таңшолпан»   бөбекжай-бақшасы мектепке дейінгі ересек жас «Жұлдыз» тобында  қараша айының 12-ші жұлдызында  тәрбиеші Күлмырзаева Нұрбала Жүсіпқызы  коммуникативтік дағдыларды дамыту, қазақ тілі іс-әрекеті бойынша «Менің отбасым» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Ашық іс-әрекеті барысында  тәрбиеленушілер педагогдарды әсем әуен арқылы қарсы алды. Балалармен қай жыл мезгілі екенін анықтау бойынша дидактикалық ойын: «Жыл мезгілінің ерекшелігін ата» ойыны ойнатылды. Негізгі тақырыпты ашу үшін жұмбақ жасырды. Интербелсенді тақта арқылы отбасы мүшелерімен таныстырдық.  Ғажайып сәтте жасанды интелекті бойынша Білімпаз ата қонаққа келді. Балалармен сәлемдесіп тапсырмаларын айтты. Тапсырмаларды ойындау үшін балалар «Күннің көзін ашу» әдісі арқылы тапқа бөлінді.  Балалар ата және апа тобына бөлінді. Білімпаз атаның 1-тапсырмасы дидактикалық ойын: «Сурет бойынша сөйлеу құра» ойыны бойынша балалар  суреттерге қарап сөйлем құрап айтты. 

2-тапсырма: «Баламен бетпе - бет» айдары бойынша  балалар өз отбасы бойынша әңгімелеп берді. Алина есімді қыз келіп сұхбат алды. 

3-тапсырма: Мнемокесте әдісі  «Кім не істейді?»  сұрағы бойынша балалар жауап берді.

4-тапсырма: Мақал-мәтел айдары бойынша балалар мақал-мәтелдер айтты.

Сергіту сәті бойынша балалалар шулы аспаптар арқылы жасады.

Білімпаз атаның 5-тапсырмасы отбасы туралы өлең жолдарын айтты.

Тіл ұстату жаттығуын жасады. 

Өнегелі 15 мин бойынша үлкендерді құрметтеу жайлы айтылды. 

Шығармашылық жұмыстарды жасау барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырдық.  Ата тобы:   «Құмыраны» саз балшықтан жасады.

Апа тобы:  «Әсем оюды» түрлі-түсті құмдармен бастырып жасадық. 

Жалпы балалармен  «Менің үйім» тақырыбында дәстүрден тыс сурет салу барысын қолдандық.

Қорытынды бойынша Білімпаз ата балаларды марапаттады. Балалар бүгінгі тақырып негізінде сұрақтар қойылды.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив