"Баланың бас ұстазы ата-ана" Ата-аналар жиналысы. » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Баланың бас ұстазы ата-ана" Ата-аналар жиналысы.
20
қыркүйек
2024

"Баланың бас ұстазы ата-ана" Ата-аналар жиналысы.

       «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының мектепке дейінгі ересек жас «Жұлдыз» тобында қырқүйек айының жиырмасыншы жұлдызы күні  жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа барлығы 15 ата-ана, бөбекжай-бақшамыздың басшысы С.Н Баубекова қатысты.  Бүгінгі жиналыстың күн тәртінде төмендегі мәселер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Тренинг: «Жүрек жылуы»
  2. Жылдық міндеттермен ата-аналарды таныстыру
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.
  4. Ата-аналар комитетін сайлау
  5. Ұлттық құндылықтарды бала бойына  сіңіру  отбасылық тәрбиенің маңыздылығы (Ата өсиеті, Әке қамқорлығы)

Жиналысқа келген ата-аналарды көңілді музыка әуен арқылы қарсы алдық. 

    Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша тәрбиеші Н. Күлмырзаева сөз алып ата-аналармен бірге «Жүрек жылуы» атты тренинг жүргізді. Тренинг барысында ата-аналар бір-біріне жыл лебіздерін білдірді.

     Күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша тәрбиеші А.Дукенбаева сөз алып жылдық міндеттермен ата-аналарды таныстырды. Балалардың бөбекжай-бақшасында күні бойы шұғылданатын іс-әрекеттерімен таныстырып өтті. Жыл бойына ұйымдастырылатын мерекелік, тақырыптық іс-әрекеттер және   көрме тақырыптарына тоқталды.

     Күн тәртібіндегі үшінші мәселесі бойынша топ тәрбиешілері сөз алып мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру бойынша кеңестер берді. Яғни мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру ол баланың ой-өрісінің, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына  өте маңызды екенін түсіндірді. 

Күн тәртібінің   төртінші мәселесі бойынша топ тәрбиешілер сөз алып  ата-аналар комитетін сайлау туралы айтты.  Ата-аналар комитеті Жолдас Асылымның анасы Қойбағарова Мадина Бақытқызы сайланды. Ал ата-аналар комитетінің  мүшелері   Кадиров Алинұрдың анасы Кадирова Айзада Жарасбайқызы, Айтбай Мұхаммеджанның анасы Картбаева Жұлдыз Қайратқызы сайланды.                                                                                                                                           

   Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша тәрбиеші А.К Дукенбаева сөз алып Ұлттық құндылықтарды бала бойына  сіңіру  отбасылық тәрбиенің маңыздылығы (Ата өсиеті, Әке қамқорлығы)  туралы айтып өтті.  Өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды  сіңіріп өсіру керек екенін  баса айтты.  «Ата өсиеті» және «Әке қамқорлығы» мектептері бойынша Бейсенбаева Нұрайдың әкесі қамқы өру, домбыра тарту бойынша түсіндіріп өтті. Бала тәрбиесінде  әке мен атаның алатын орны ерекше екенін көрсете білді. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив