"Баланың музыкалық тыңдау қабілетінің бар екендігін анықтауға арналған жаттығулар"
«Баланың музыкалық тыңдау қабілетінің бар екендігін анықтауға арналған жаттығулар»
Саз жетекшісі: М.Абдыкулов
Бізді қоршаған ортадағы әртүрлі дыбыстардың өзіндік сыры мен жұмбақтарын түсіндіру. Дыбыс дегеніміз не Дыбыс бұл жаңғырық, әртүрлі затқа әсер ететін соның ішінде тірі затқа және ең бастысы адамдарға әсер етеді. Дыбыстар шулы дыбыстар шулар деген сөзден шыққан. Музыкалық дыбыстар бұдан әндер, күйлер, әуендер шығады. Балаңыздың музыкалық тыңдау қабілетін бар екендігін анықтауға және арттыруға мынадай ойын жаттығуларын ұсынамын.
Ойын тапсырмалар
ШУЛЫ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТЫ ТАП.
Суретке (барабан, сыбызғы, қоңырау, балға, ит, мысық, баян, домбыра, қаз( қарап, балалар қай уақытта шулы не музыкалық дыбыстарды еститінін айтады.
ҚАТТЫ ЖӘНЕ ЖӘЙ ӘНДЕТЕМІЗ.
Ойын көрнекілігі Кез – келген ойыншық.
Ойынның жүруі Ойынға бірнеше бала қатысуға болады. Ол баланың достары болуға болады. Алдымен бастаушы бала сайланады. Ол бөлмеден шығарылады, қалғандары ойыншықты бір жерге тығып қояды. Бастаушының мақсаты музыканың қатты немесе жәй естілуімен ойыншықты тауып алу.
Ойыншыққа жақындаса музыка қаттырақ болуы керек, алыстаса жайланады.
Бала тапсырманы орындаса, ойынды қайта ойнағанда ойыншықты өзі тығуға құқылы.