Ұлттық ойындар: «Асық ату»,«Арқан тарту»
Ұлттық ойындар: «Асық ату»,«Арқан тарту»
Міндеттері: Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып, ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
1. Асық ату
Асықты тігіп ойнау ережесі: Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді.
Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4—5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.
2. «Арқан тарту»
«Арқан тарту» Ойынның ережесі: Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. ойынға ортасына қызыл жіп байланған арқан қойылады. Ойынға қатысатын балалар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе ,сол топ жеңіске жетеді. Балалармен «Арқан тартыс» ойынын ойнаймыз Балалар ойын ортасында қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек.
1.Балаларды екітопқа бөліп , сызықтың екі жағына бір –біріне қарама –қарсы тұрғызу. 2. Қарама –қарсы тұрған балалар бір –бірінің қолынан ұстап , әр бақталас топ өз жағына қарай бірін – бірі тартады. Кімнің тобы мықтырақ қай топ өз жағына көп тартып алады ,сол топ жеңіске жетеді.
Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Мұны «көн» деп атайды. Ойын ары қарай қайталанып жалғаса береді. Балалар қызығушылық-пен ойынды жалғастырды.
Балалар екітопқа бөліп ,сызықтың екі жағына бір –біріне қарама –қарсы тұрып .Қарама –қарсы тұрған балалар бір- бірінің қолынан ұстап , әр бақталас топ өз жағына қарай бірін – бірі тарту арқылы. Кімнің тобы мықтырақ ,қай топ өз жағына көп тартып аласа ,сол топ жеңіске жетеді. Балалар арқан тарту ойынынт қызуғушылықпен ойнады.

