"Ұйқының бала ағзасына әсері" » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2025

"Ұйқының бала ағзасына әсері"

Медбике: Альменова А


Мақсаты:

Ата-аналарға ұйқының бала денсаулығы мен дамуына тигізетін әсерін түсіндіру.

Баланың жасына сай ұйқы режимін сақтау қажеттігін үйрету.

Салауатты ұйқы дағдыларын қалыптастыру жолдарын ұсыну.


1. Ұйқының бала ағзасына пайдасы:

Ұйқы кезінде баланың миы тынығып, ақпаратты есте сақтау қабілеті артады.

Өсу гормоны түнгі ұйқыда белсенді бөлінеді, сондықтан бойдың өсуі мен ағзаның дамуы қалыпты жүреді.

Жүйке жүйесі тынышталып, баланың көңіл-күйі жақсарады.

Иммунитет күшейіп, ауруларға төзімділік артады.

2. Баланың жасына қарай тәуліктік ұйқы мөлшері:

1 жасқа дейін – 14–16 сағат

1–3 жас – 12–14 сағат

3–6 жас – 10–12 сағат

7–12 жас – 9–10 сағат

Жасөспірімдер – 8–9 сағат

3. Ұйқы режимін сақтау үшін кеңестер:

Баланы күн сайын бір уақытта жатқызып, бір уақытта тұрғызу.

Ұйықтар алдында теледидар, телефон, ойыннан шектеу.

Жатар алдында тыныш ойындар, ертегі оқу, жылы сүт ішу пайдалы.

Бөлмені желдетіп, тыныш әрі қараңғы ортада ұйықтату.

Баланы шамадан тыс тамақтандырмай, жеңіл кешкі ас берген жөн.

4. Ұйқының жеткіліксіздігі қандай зиян әкеледі:

Шаршағыштық, ашуланшақтық пайда болады.

Есте сақтау мен зейін төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.

Иммунитет әлсіреп, жиі суық тиюі мүмкін.

Баланың өсуі мен салмақ қосуы тежелуі ықтимал.

Қорытынды:

Ұйқы – баланың денсаулығының кепілі. Дұрыс ұйқы режимі қалыптасқан бала сергек, көңілді, сабаққа ынталы және дені сау болып өседі.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив