«Бала денсаулығын сақтау – ата-ананың басты міндеті» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала денсаулығын сақтау – ата-ананың басты міндеті»
13
қазан
2025

«Бала денсаулығын сақтау – ата-ананың басты міндеті»


Медбике: Иманжанова А

Мақсаты:

Ата-аналарға бала денсаулығын сақтау жолдарын үйрету.

Салауатты өмір салтының бала ағзасына тигізетін пайдасын түсіндіру.

Отбасында денсаулықты нығайтуға бағыт беру.


1. Бала денсаулығы – ата-ана жауапкершілігі:

Баланың дұрыс өсіп-жетілуі ең алдымен отбасы жағдайына байланысты.

Дұрыс тамақтану, ұйқы, қимыл-қозғалыс және психологиялық қолдау – денсаулықтың негізі.

2. Ата-аналарға басты кеңестер:

Дұрыс тамақтану: көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, ет пен балықты теңдей қолдану.

Күн тәртібі: баланың жасына сай ұйқы уақытын қадағалау, серуендету.

Қозғалыс белсенділігі: таза ауадағы ойындар, дене жаттығулары, спортқа қызықтыру.

Жеке бас гигиенасы: қол жуу, тісті күту, таза киім кию дағдыларын үйрету.

Шынықтыру: бөлмені жиі желдету, таза ауада серуендеу, су процедураларын қолдану.

Уақытылы медициналық тексеру: жоспарлы екпелерді уақытында алу, дәрігер кеңесін орындау.

3. Психологиялық денсаулық:

Балаға жылы сөз айту, мейірім таныту – оның ішкі әлемін нығайтады.

Үйдегі жайлы атмосфера жүйке жүйесінің дұрыс дамуына ықпал етеді.

Стресстен сақтау үшін баламен ашық сөйлесіп, бірге уақыт өткізу қажет.

Қорытынды:

Бала денсаулығын сақтау – ата-ананың ең маңызды міндеті. Денсаулығы мықты бала – болашағы жарқын ұрпақ. Әрбір ата-ана балаға тек материалдық жағдай ғана емес, ең алдымен денсаулық сыйлау жолында еңбек етуі тиіс.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив