«Үй жағдайында баланың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру»
Әдіскер: Раймкулова Ж.Ш
Мақсаты:
Ата-аналарға үй жағдайында баланың оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру жолдарын көрсету.
Баланың зейінін, қызығушылығын және өзіндік әрекетін дамытуға бағыт беру.
Үйде білім мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету.
1. Үй жағдайында оқу іс-әрекетінің маңызы:
Баланың алған білімін бекітуге көмектеседі.
Танымдық қабілеттерін дамытады.
Үйренгенін өмірде қолдануға үйретеді.
2. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру шарттары:
Арнайы орын бөлу: Баланың жұмыс жасайтын бұрышы жарық әрі ыңғайлы болуы тиіс.
Күн тәртібін сақтау: Белгілі уақытта оқу тапсырмасын орындауға дағдыландыру.
Уақытты тиімді бөлу: 5–6 жасар бала үшін 15–20 минуттық қысқа сабақ жеткілікті.
Жеңілден күрделіге: Оқуды ойын элементтерімен байланыстыра отырып бастау.
3. Ата-аналарға ұсыныстар:
Балаға тапсырма беріп қана қоймай, бірге орындап, бағыт көрсетіңіз.
Сабақ кезінде теледидар, телефон сияқты алаңдататын нәрселерді өшіріңіз.
Жетістігі үшін мақтап, қолпаштап отырыңыз.
Күнделікті оқу іс-әрекетін ойынмен, сурет салумен, ән айтумен, ертегі оқумен алмастырып отырыңыз.
Балаға еркін сұрақ қойып, ойлануға мүмкіндік беріңіз.
4. Ойын арқылы оқыту:
Санап үйрену үшін санау таяқшалары, кубиктер қолдану.
Әріп үйретуде суреттер мен карточкалар пайдалану.
Тіл дамытуда жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі оқу.
Зейін мен есте сақтауды дамытуда «Артығын тап», «Көлеңкесін тап», «Дәл осылай істе» ойындары тиімді.
Қорытынды:
Үй жағдайында дұрыс ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – баланың білімге қызығушылығын арттырады. Ата-ана қолдауы мен жылы қарым-қатынасы арқылы бала оқу процесіне қуана қатысады.