«Үйде балаға қозғалыс ойындарын ұйымдастыру» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үйде балаға қозғалыс ойындарын ұйымдастыру»
19
қыркүйек
2025

«Үйде балаға қозғалыс ойындарын ұйымдастыру»


Дене тәрбиесі маманы: Альпеисов А

Мақсаты:

Ата-аналарға үй жағдайында баланың қимыл-қозғалысын дамыту жолдарын түсіндіру.

Дене тәрбиесінің денсаулыққа, жүйке жүйесіне, көңіл-күйіне пайдалы әсерін көрсету.

Баланы салауатты өмір салтына баулу.


1. Қозғалыс ойындарының маңызы:

Қан айналымы мен тыныс алу жүйесін жақсартады.

Бұлшық еттерін нығайтады, икемділік пен ептілікті дамытады.

Балаға қуаныш, сергектік сыйлап, көңіл-күйін көтереді.

Ұжымдық ойында ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелейді.

2. Үй жағдайында қимыл ойындарын ұйымдастыру шарттары:

Үй ішінде қауіпсіз орын таңдау (сынғыш заттардан босату).

Ойын уақытын 10–15 минуттан бастап, біртіндеп ұзарту.

Баланың жас ерекшелігіне сай қарапайым қимылдардан бастау.

Ата-ананың өзі де қатысып, балаға үлгі болу.

3. Ата-аналарға ұсынылатын қозғалыс ойындары:

«Қояндар секірсін» – бала еденде сызықтан-сызыққа қоянша секіреді.

«Кім жылдам?» – ойыншықтарды бір жерден екінші жерге жүгіріп апару.

«Теңіз толқыны» – қол орамалды толқын етіп көтеріп-түсіру, бала соның астынан өтуі тиіс.

«Аю мен балалар» – ата-ана «аю» болып, бала тығылып, қашып ойнайды.

Доппен ойындар: «Допты домалат», «Қақпаға гол соқ», «Допты жоғары лақтыр да ұста».

4. Қозғалыс ойындарын ұйымдастыру кеңестері:

Әр ойынды қысқа, қызықты етіп өткізу.

Баланы шаршатпай, үзіліс жасап отыру.

Қимылдарды әуенмен, тақпақпен байланыстыру.

Әр жеңісі үшін мақтап, сенімділігін арттыру.

Қорытынды:

Үй жағдайында ұйымдастырылған қарапайым қозғалыс ойындары баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты күшейтеді. Қозғалыс – баланың дамуының басты кілті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив