«Таңғы жаттығулардың маңызы» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қыркүйек
2025

«Таңғы жаттығулардың маңызы»


Дене тәрбиесі маманы: Даулетияров М

Мақсаты:

Ата-аналарға таңғы жаттығудың бала денсаулығына әсерін түсіндіру.

Күнделікті әдетке айналдырудың жолдарын көрсету.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыт беру.


1. Таңғы жаттығудың бала ағзасына әсері:

Ұйқыдан кейін ағзаны сергітіп, бұлшық еттерді оятады.

Қан айналымын жақсартып, тыныс алуын реттейді.

Шымырлық пен ептілікті дамытады.

Көңіл-күйді көтеріп, күні бойғы белсенділікке дайындық жасайды.

2. Таңғы жаттығудың тәрбиелік мәні:

Баланы тәртіпке, тұрақтылыққа үйретеді.

Өзін-өзі күтуге, денсаулығын бағалауға баулиды.

Жауапкершілікті, еңбекқорлықты қалыптастырады.

3. Таңғы жаттығуды ұйымдастыру кеңестері:

Жаттығуды таза ауада немесе бөлмені желдетіп өткізу.

Жас ерекшелігіне сай жеңіл қимылдардан бастау (3–5 минут жеткілікті).

Музыка қосып, көңілді өткізу.

Қимыл түрлері:

Бас пен иықты айналдыру,

Қолды созу,

Орындарында жүру,

Қарлығаш, секіру жаттығулары,

Терең тыныс алу.

Жаттығуды ойын элементтерімен қызықтыру («Қоянша секір», «Құстар ұшты»).

4. Ата-аналарға ұсыныс:

Таңғы жаттығуды өздеріңіз де бірге орындап, балаға үлгі болыңыздар.

Қысқа да болса күн сайын өткізуге дағдыландырыңыз.

Жаттығудан кейінгі сергектік пен қуанышты бірге бөлісіңіз.

Қорытынды:

Таңғы жаттығу – баланың денсаулығы мен сергектігінің кепілі. Ол ағзаны шынықтырып қана қоймай, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Күн сайын таңғы жаттығу жасаған бала белсенді, мықты, көңілді болып өседі.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив