"Ата-ана үлгісі-баланың тамақтану әдетінің негізі"
Медбике: Иманжанова А
Мақсаты:
Ата-аналарға баланың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруда отбасының, әсіресе ата-ананың үлгісінің маңызын түсіндіру.
Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда дұрыс тамақтанудың рөлін көрсету.
Отбасында пайдалы тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағыт беру.
1. Ата-ананың үлгісі – ең күшті тәрбие құралы.
Бала ең алдымен ата-анасының әрекетін қайталайды.
Егер ата-ана пайдалы тағамдарды таңдап жеп, белгілі бір режимді ұстанса, бала да соған бейімделеді.
2. Дұрыс тамақтанудың басты қағидалары:
Тағам құрамының әртүрлі болуы (ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс, дәнді дақылдар).
Күнделікті тамақтану режимін сақтау (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және қосымша жеңіл тамақтар).
Газды сусындар мен тәттілерді шектеп, суды жеткілікті ішу.
Қуырылған, ащы, майлы тағамдарды азайтып, буға пісірілген немесе қайнатылған тағамды көбейту.
3. Ата-аналарға пайдалы кеңестер:
Баланың көз алдында өзіңіз де пайдалы тамақ ішіңіз.
Тамақты бірге отырып ішу – балаға тәртіп пен мәдениетті үйретеді.
Жаңа тағамды енгізгенде оны ойын түрінде немесе үлгі арқылы қызықтырып ұсыныңыз.
Балаға тамақ ішуге мәжбүрлемей, жағымды көңіл-күйде тамақтануды үйретіңіз.
Тәттілерді марапаттау құралы ретінде қолданбаңыз.
4. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.
Баланың иммунитеті мықты болып, жиі ауырмайды.
Оқу қабілеті артып, есте сақтау мен зейіні жақсарады.
Дене бітімі дұрыс қалыптасады.
Қорытынды:
Ата-ананың тамақтану үлгісі – баланың болашақтағы денсаулығы мен өмір салтының негізі. Отбасында дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру арқылы біз балаларымызға мықты денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің алғашқы қадамын жасаймыз.