«Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережелері» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережелері»
17
қазан
2025

«Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережелері»


Дене тәрбиесі маманы: Альпеисов А

Мақсаты:

Балалардың денсаулығын қорғау үшін жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру.

Ата-аналарға баламен бірге спорттық іс-әрекетте бақылау жасауды ұсыну.


1. Жаттығуға дайындық

Жаттығуды таза, желдетілген бөлмеде немесе таза ауада өткізіңіз.

Баланың киімі мен аяқ киімі ыңғайлы, қозғалысына кедергісіз болуы қажет.

Жаттығу алдында міндетті түрде жеңіл қыздыру жаттығуларын жасаңыз.

2. Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Қимылды жаттығуларды асықпай, ретімен орындау.

Құрал-жабдықтарды (доп, секіртпе, гимнастикалық таяқша) дұрыс пайдалану.

Қозғалыс кезінде бір-біріне соқтықпау үшін арақашықтық сақтау.

Қиын жаттығуларды ата-ана немесе тәрбиеші бақылауымен орындау.

Шаршаған жағдайда баланы мәжбүрлемей, демалуға мүмкіндік беру.

3. Жаттығудан кейінгі қауіпсіздік

Жаттығуды аяқтағанда жеңіл тыныс алу және созылу жаттығуларын жасау.

Терлеген баланы бірден суыққа шығармау, денесін сүртіп, жылы ұстап отыру.

Дұрыс су ішу режимін қадағалау: жаттығудан кейін аздап су беру.

4. Ата-аналарға ұсыныстар:

Баланың жасына сай жаттығуларды таңдаңыз.

Үнемі мадақтап, спортқа қызығушылығын арттырыңыз.

Қауіпсіздік ережелерін балаға қайталап түсіндіріп отырыңыз.

Үй жағдайында орындалатын жаттығуларды бірге жасауға тырысыңыз.

Қорытынды:

Қауіпсіздік ережесін сақтау – баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оны тәртіпке, ұқыптылыққа үйретеді. Әрбір ата-ана баласының жаттығу барысында қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив