«Дені саудың – жаны сау»
Медбике: Альменова А
Мақсаты:
Ата-аналарға дене және жан саулығының байланысын түсіндіру.
Баланың денсаулығын нығайтудың негізгі жолдарын көрсету.
Отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыт беру.
1. Денсаулық – басты байлық
Дені сау бала өмірге қуанышпен қарайды, белсенді, көңілді болады.
Жан саулығы дене саулығымен тығыз байланысты: физикалық әлсіздік психологиялық күйге әсер етеді.
2. Баланың дене саулығын сақтау жолдары:
Дұрыс және теңгерімді тамақтану.
Жас ерекшелігіне сай жеткілікті ұйқы.
Қимыл-қозғалыс ойындары, спортпен шұғылдану.
Гигиеналық дағдыларды сақтау (қол жуу, тіс тазалау, таза киім).
Шынықтыру: таза ауада серуен, су процедуралары.
3. Жан саулығын нығайту жолдары:
Үйде жылы, мейірімді қарым-қатынас орнату.
Баламен жиі сөйлесу, сезімдерін тыңдау.
Ойын, ән, би, сурет салу арқылы эмоцияларын шығаруға мүмкіндік беру.
Қорқыныш пен уайым кезінде қолдау көрсету.
4. Ата-аналарға ұсыныстар:
Өзіңіз де салауатты өмір салтын ұстанып, балаға үлгі болыңыз.
Балаға шамадан тыс талап қоймай, қабілетіне қарай қолдау көрсетіңіз.
«Дені саудың – жаны сау» қағидасын отбасылық өмірде ұстаныңыз.
Қорытынды:
Денсаулық – баланың бақытты өмірінің кепілі. Дені сау бала – рухы мықты, жан дүниесі бай, алдағы өмірге сенімді қадам басатын тұлға. Сондықтан әр ата-ана ең алдымен баласының дені сау, жаны сау болып өсуіне жағдай жасауға міндетті.