«Қозғалыс белсенділігінің жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қозғалыс белсенділігінің жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері»
17
қараша
2025

«Қозғалыс белсенділігінің жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері»

Медбике: Альменова А

Мақсаты:Ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігінің маңыздылығымен таныстыру, жүрек-қан тамыр жүйесінің дұрыс дамуына қозғалыстың оң әсерін түсіндіру және баланың күнделікті өмірінде қозғалысты арттыруға бағыттау.

Құрметті ата-аналар! Мектеп жасына дейінгі кезең – баланың ағзасы мен барлық жүйелерінің, соның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесінің белсенді дамитын уақыты.

Осы уақытта баланың қозғалысы неғұрлым көп болса, оның жүрегі соғұрлым мықты, қаны дұрыс айналып, иммунитеті жоғары болады.

Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіз болса, бала тез шаршайды, көңіл-күйі төмендейді, жүрек соғысы жиілейді және оттегі жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін.Қозғалыс белсенділігінің пайдасы:1.  Жүрек бұлшық етін дамытады – қан айналым жақсарып, жүрек тұрақты жұмыс істейді.2.  Қан тамырларын нығайтады – серпінділігі артады, қысым тұрақтанады.3.  Зат алмасуды реттейді – бала энергиясын дұрыс жұмсап, тәбеті жақсарады.4.  Көңіл күйді көтереді – белсенді бала сергек, қуанышты және ұйқысы тыныш болады.5.  Жүйке жүйесін шынықтырады – қозғалыс арқылы бала өзін жақсы басқарады, сенімділік дамиды.Ата-аналарға арналған кеңестер:Күн сайын баланы таза ауаға шығарыңыз.Серуен – жүрек пен өкпенің жұмысын жақсартады.Қозғалмалы ойындарға мүмкіндік беріңіз.«Қуаласпақ», «Секіртпе», «Доп лақтыру» сияқты ойындар жүрекке пайдалы.Балаға белсенді ойыншықтар ұсыныңыз.Велосипед, самокат, доп – баланың қозғалыс белсенділігін арттырады.Теледидар мен гаджет уақытын шектеңіз.Ұзақ отыру қан айналымын баяулатады.Өз үлгіңізді көрсетіңізБалалар ата-анасының өмір салтын қайталайды. Отбасылық серуен, ортақ спорт – ең жақсы тәрбие.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив