«Музыкалық ойындар – бала көңілінің кілті»
Саз жетекшісі: Абдыкулов М
Мақсаты:Ата-аналар мен педагогтерге музыкалық ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық дамуына, көңіл күйіне және шығармашылық қабілеттеріне тигізетін оң әсерін түсіндіру.
Құрметті ата-аналар! Музыка – баланың жан дүниесіне қуаныш пен шабыт сыйлайтын ерекше күш.Ал музыкалық ойындар — баланың көңілін көтеріп, ойлауын, қимылын, есту қабілетін және сезімін дамытатын тиімді құрал.Музыкалық ойындар арқылы бала:өз сезімін еркін жеткізеді;ырғақты сезінуді үйренеді;достарымен қарым-қатынас орнатады;белсенді әрі шат көңілді болады.Музыкалық ойындардың балаға әсері: 1.Эмоциялық даму:Музыка арқылы бала қуанады, ренжиді, таңданады – яғни эмоцияларын танып, білдіруге үйренеді.2. Зейін мен есте сақтауды дамытады:Әуен ырғағын тыңдау, қайталау арқылы бала назарын шоғырландырады.3. Қимыл-қозғалысын жетілдіреді:Би, ырғақтық жаттығулар жүрек соғысын реттеп, қозғалыс үйлесімділігін дамытады.4. Сөйлеу және музыкалық есту қабілетін дамытады:Ән айту барысында сөздік қоры байып, дұрыс сөйлеуге жаттығады.5. Көңіл күйді көтереді:Әуен мен ойын баланың бойына қуат, сенімділік пен шаттық ұялатады.Ата-аналарға кеңестер:Үйде балаңызбен бірге ән айтып, би билеңіз.Бұл жақындық пен қуанышты қарым-қатынас орнатады.Музыкалық ойындарды күнделікті серуен немесе ойын уақытына қосыңыз.Мысалы: «Қарлығаш», «Балапан қимылын қайтала» сияқты ойындар.Музыка тыңдау мәдениетін қалыптастырыңыз – баламен бірге табиғи, жеңіл әуендер тыңдаңыз.Баланың музыкалық қызығушылығын қолдаңыз:ол ырғаққа ілессе, қол соқса немесе би билесе – мадақтаңыз!Егер балаңыз ұялшақ болса, музыка арқылы ашылуына мүмкіндік беріңіз.Әуен баланың ішкі әлемін еркіндетеді.