“Маусымдық аурулардың алдын алу жолдары”
Медбике:Джанкельбекова Г.Д
1. Күн тәртібі мен ұйқы гигиенасыБалабақша режиміне ұқсас тәртіпті үйде де сақтау баланың иммунитетін нығайтады.Ұйқы: 3-5 жастағы бала тәулігіне кемінде 10-12 сағат ұйықтауы тиіс (түскі ұйқыны қоса алғанда).
Таза ауа: Күн сайын, ауа райына қарамастан, кем дегенде 1,5-2 сағат далада серуендеу қажет. Бұл тыныс алу жолдарын шынықтырады.2. Тамақтану және дәрумендерСұйықтық: Балаға күні бойы жылы су, үй компотын, итмұрын (шиповник) қайнатпасын ішкізу маңызды. Сұйықтық ағзадан токсиндерді шығарады.Табиғи антисептиктер: Тағамға пияз, сарымсақты аз-аздан қосу (егер асқазан-ішек жолдарында қарсы көрсетілімдер болмаса).
Д дәрумені: Маусымдық аурулар кезінде Д дәруменінің деңгейін бақылау қажет (дәрігердің нұсқауымен).
3. Үй жағдайындағы санитария
Ылғалды тазалау: Үйді күніне 2 рет дымқыл шүберекпен сүртіп, шаңды кетіру.
Желдету: Бөлмені әр 2-3 сағат сайын 10-15 минут желдетіп алу. Вирустар құрғақ және жылы ауада тез таралады.
Ылғалдылық: Бөлмедегі ауа ылғалдылығы 40-60% аралығында болғаны абзал.
4. Жеке бас гигиенасы (Баланы үйрету)
Даладан келгенде және тамақ ішер алдында қолды сабынмен мұқият жуу.
Мұрын қуысын тұзды ерітінділермен (аквамарис, физерітінді) шайып тұру – бұл вирустардың кілегей қабыққа жабысуына жол бермейді.
Ата-аналарға ескерту:
Егер баланың қызуы көтеріліп, жөтел немесе мұрын бітелуі байқалса, өз бетіңізше емдеуге болмайды! Бірден учаскелік педиатрды үйге шақырыңыз. Антибиотиктер вирустық ауруларға әсер етпейтінін есте сақтаңыз.
Алдын алудың ең тиімді жолы — Вацинация
Маусымдық тұмауға қарсы екпені уақытылы алу баланың ауруды жеңіл өткеруіне немесе мүлдем ауырмауына кепіл болады. Бұл туралы тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға хабарласып, кеңес алуыңызға болады.