17
ақпан
2025
«Балаға қалай тиімді «жоқ» деп айтуға болады»
Педагог-психолог: Д.А.Дарибаева
Балаға «Жоқ» деп айту оңай емес, балаға да ол сөзді қабылдау оңайға соқпайды. Бірақ айту керек.
1. Сезімін мойындаңыз – «Саған бұл ойыншық ұнап тұр, бірақ біз оны қазір алмаймыз.»
2. Балама нұсқа ұсыныңыз – «Кәмпиттің орнына жеміс жеуге қалай қарайсың?»
3. Нақты себеп айтыңыз – «Қолыңды жумасаң, микробтар асқазаныңды ауыртуы мүмкін.»
4. Тыныш және сенімді сөйлеңіз – Ашуланбай, байсалды дауыспен жауап беріңіз.
5. «Жоқ» сөзін жиі қолданбаңыз – Оны басқа жұмсақ сөздермен алмастырыңыз.
6. Үлгі болыңыз – Балаңыз сізден үйренетінін ұмытпаңыз.
Маңыздысы – шектеулерді түсінікті әрі құрметпен жеткізу.