«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» бағыттарымен таныстыру
2023 жылдың 29 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында ұжым мүшелерін «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бағыттарымен таныстыру» тақырыбында баяндама оқылып, дәріс жүргізілді. Жұмысты жүргізген әдіскер Ж.Ш.Раймкулова өзінің баяндамасы барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» бағыттарымен таныстыра келе келешегіміздің туын жоғары көтерер жастарымызды осынау қоғамның кесапатынан сақтау, оларға дұрыс тәрбие беру, соның ішінде қоғам дерті сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікке баулу ата-ана мен қызметкерлердің өлшеусіз еңбегінің нәтижесі болмақ екені туралы айтып өтті. Сондықтан да баланы шыншылдыққа бойын, келеңсіз оқиғалардан, парақорлықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу баршамыздың негізгі мақсатымыз. Сонда ғана жастарымыз халықтың сенімін ақтап қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғарғы деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс, - деп баяндамасын қорытындылады.
Аталған тақырып бойынша үжым мүшелерін сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге, жол бермеуге шақырды.
