25
желтоқсан
2023
Кезектен тыс ата-аналар жиналысы
Бөбекжай-бақша меңгерушісі С.Н.Баубекова Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2023 жылдың 21 желтоқсан күнгі №1819 хатын басшылыққа ала отырып жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда: «Жаңа жыл» мерекелік іс-шараларын ұйымдастыру барысында заңсыз қаржы жинауға, сыйлық жасауға, дастархан жасауға ТЫЙМ САЛЫНАТЫНЫ ЕСКЕРТТІ. Заң алдында ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлға да жауапты екендігін айтты.