«Таңшолпан жұлдызы-2024» ән-би байқауы.
Тақырыбы:«Таңшолпан жұлдызы-2024» ән-би байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты:
1.Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру .
2.Сахналық мәдениетке тәрбиелеу.
3.Тілін , ойлау қабілетін дамыту.
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында «Таңшолпан жұлдызы-2024» ән-би байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға мектепке дейінгі орта, ересек топтары және метепалды топтары қатысып, өнерлерін көрсетті.
Байқауды мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобының қыздарының «Гүлдер» биімен бастады.
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобының ұлдары «Асық» биін биледі.
Мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобының ұл балалары «Флешмоб» биімен ортаға шықты.
Мектепке дейінгі ересек жас «Бүлдірген» тобының тәрбиеленуші қыздары «Көгершін» биін биледі.
Мектепке дейінгі ересек жас «Жауқазын» тобы «Алтын балық» биін билеп шықты.
Мектепке дейінгі ересек жас «Құлпынай» тобының қыз балалары «Қуыршақ» биімен өнер көрсетті.
«Құлпынай»тобының сұлу қыздарының «Тауыс» биін биледі.
Мектепалды «Түймедақ» тобының қыздары «Көңілді қыздар» биімен өнерлерін көрсетті.
Мектепалды «Қарақат» тобының тәрбиеленушілері «Кішкентай стюардессалар » биімен ортаға шықты.
Мектепке дейінгі орта жас «Бәйтерек» тобының әншісі Алимбай Айзере «Ризамын тәрбиеші апайға» әнін орындады және Мұқағали Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» өлеңін жатқа оқыды.
«Бүлдірген» квинтеті «Әжетайым» әнін шырқады.
«Жауқазын» тобының тәрбиеленулері Қанат Арсен мен Ақылжан Балауса «Тәрбиеші апайға» әнін орындады.
«Құлпынай»тобының тәрбиеленушілері Марат Аяла және Нұрлан Анель «Қуыршағым» әнін орындады.
Қарақат тобының тәрбиеленушісі Азаматқызы Шағадат пен Сайлаубек Аяулымның орындауында «Жақсы көрем әжемді» әні
«Түймедақ» тобының сұлу қыздары Берикханова Сара мен Манат Бағалым «Бақыт деген » әнін шырқап шықты. Ән-бибайқауына қатысушылардың барлығы марапатталды, жүлделі орындарға ие болды.









