«Жұлдыз» тобы. «Ата мен әжемнің ауылында»
Ашық есік күні: Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобы.
Тақырыбы: «Ата мен әжемнің ауылында»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру.Қазақ халқының ою-өрнектерімен, асықпен таныстыру.Жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Барысы: Ашық есік күнге келген қонақтарды әсем әуен арқылы қабылдадық.
Келген қонақтармен бірге Қазақстан Республикасының Ән ұранын орындадық.
Балалар ата мен әженің ауылына қонаққа барды. («Атадан қалған асыл мұра» этнамәдени орталығына) Ата әжемен сәлемдесіп бүгін мереке жайлы айтып өтті. Суретпен жұмыс жүргізу арқылы еліміздің рәміздерімен таныстырып өттік. Ата әжемен марблс тастары арқылы «Түстеріне сай орналастыр» атты ойын ойнады.
Ойынның аты: «Түстеріне сай орналастыр»
Мақсаты: Есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін дамыту. марблс тастарын түстеріне сай орналастыра білу.
Ойынның шарты: Ұжыммен орындау, алдарында тұрған тудың, елтаңбаның түстеріне сай марблс тастарды орналастыру. Ата балаларды асықпен таныстырды.
Ата: Ал немерелерім бүгін сендерді асықпен таныстырғым келіп тұр. Балалар асықтарды біз қойдың асықты жілігінен аламыз.Асықты иіргенде түскен қалпына қарай алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғанын сақа деп атаймыз. (Асықпен көрсету.)
Әже қыздарды көрпемен оюмен таныстырды.
Әже: Атасы ұлдарыңды асықпен таныстырсаң мен қыздарымды оюлармен таныстырып өтейін. Қыздарым менің қолымдағы көрпеше.Көрпе құрағанда түрлі оюларды ойып көктейміз. Мына ою-қошқар мүйіз, құс қанат оюы. Түрлі оюлар көрпелерімізге сән беріп тұрады.Балалар ата әжеге арнап тақпақтарын айтып берді.
Ата ұлдармен «Асық ату» ойынын ойнады.
Аз-қимылды ойын: «Асық ату»
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу. Түстерді ажырата алуға үйрету.
Ойынның шарты: балалар үлкен жұмсақ асықты ату. Асықты атқан бала жылдамдықпен барып бөтелкедегі оюдың түсін шайқау әдісі арқылы шығару.
Әже қыздарыммен бірге текеметке оюларды орналастырайық.
Ойынның аты: «Оюды орналастыр»
Мақсаты: Қазақ халқының оюларымен таныстыру. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ойынның шарты: Дайын тұрған текеметке оюларды сәйкестендіріп орналастыру.
Балалар әта әжемен «Қара жорға» биін биледі.Әже немере қыздарымен бірге атаға көрпе құрастырды.
Ойынның аты: «Оюларды сәйкестендіру»
Мақсаты: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Зейінді болуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Оюларды түстеріне сай орналастыру.
Ата ұлдармен бірге шығармашылық орталығында сандықтың оюларын қылқалам арқылы бояды.
Қорытынды бөлімде балалар шығармашылық орталығында зерттеу жұмыстарын жасады.
Шығармашылық орталығындағы зерттеу жұмысы: «Жасырылған сурет»
Керекті құрал жабдық: майлық, арнайы ыдыстағы су.
Барысы: Балалар майлықты суға салғанда асықтың, оюдың бейнесі шығады. (майлықтың су өткізгіш қасиетін біледі.)





