«Арайлы Алтын күз» ертеңгілігі.
Мектепалды «Қарақат» тобында 31.10.2023 жылы «Арайлы Алтын күз» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Топ тәрбиеленушілері көңілді әуен ырғағымен қолдарында сары түсті шармен ортаға шығып би биледі.«Алтын күз келді» әнін хормен орындады. Ұл-балалар «Кірпі» биін билеп, күз туралы тақпақтарын айтып өнерлерін көрсетті. Қыздар аналарының өз қолдарымен жасаған 2023 жылғы сән үлгісін көрсетіп, дипломдармен марапатталды, топ тәрбиеленушілеріне дәрумендер таратылып берілді.
Нәтижесінде балалар күз мезгілінің ерекшелігі туралы біледі.Мерекелік көңіл-күй сыйлай алады.