«Жұлдыз» тобы «Аяулы Анашым!» ертеңгілігі
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобы «Аяулы Анашым!» ертеңгілігі өткізілді.
Мақсаты: балаларға көктем туралы, сегізінші наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ана орнын, адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Отбасына , туыстарына деген мейірімділік, адамгершілік құндылықтарына, аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мерекенің өтілу форматы: Концерттік бағдарлама.
Барысы: «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында «Аяулы Анашым!» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада ең алдымен «Көктемнің келуі» көрініс қойылды. Көріністен кейін Ару көктем келді.Мерекелік іс-шараны ашып беру үшін сөз кезегі бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісіне берілді. Балалар көктеммнің келуіне «Көктем келді» әнін орындады.Балалар аналарымен ойын ойнады.Мақсаты: Аналарға, әжелерге сыйлық жасай білуге үйрету. Ептілікпен, жылдамдықпен қимылдау дағдысын қалыптастыру.
Шарты: Ортаға 4 ана мен әже шығады. Екі ана мен әжелердің қолдарына лента ұстайды, балалар лентаға дайын гүлдерді кір құстырғышпен қыстырады.
Аналардың құрметіне «Анашым» әнін хормен орындады. Балалармен «Анамызды сәндейміз» ойыны ұйымдастырылды.
Ойын: «Анамызды сәндейміз»
Шарты: Қыздарымыз ортаға аналарын алып шығып шаштарын сәндейді.
Осы сәтте Ару көктем балалармен қоштасты. Ал жігіттеріміз аналардың құрметіне «Жігіттер» биін биледі.Мерекелік іс-шарамыз асыл әжелерімізбен, аяулы аналарымыздың асыл тілектерімен аяқталды.




