29
қыркүйек
2023
«Мейірімділік әлеміне саяхат»
«Түймедақ» мектепалды тобында ашық есік күні талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді.
Балаларды таңертеңгі көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, балалар үшін жайлы жағдай жасалынды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет Кіріктірілген (Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту, Физикалық қасиеттерді дамыту)
Тақырыбы: «Мейірімділік әлеміне саяхат»
Мақсаты: балаларға дұрыс сөзді таңдауға, оны сөйлемдегі басқа сөздермен үйлестіруге үйрету; мағынасы жақын сөздерді табуға үйрету.- қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруді жалғастыру (жолдасты тыңдау, өз пікірін шын жүректен айту, басқа адамдардың пікіріне ізгі ниет білдіру.



