«Ертегілер еліне саяхат»
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобы
Ертегі: «Не дәмді»
Мақсаты: Ертегімен балаларды таныстыру. Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу. Ертегі желісі арқылы сөздік қорларын молайту.
Театр түрі: «Қолдорба»
Көрнекі-құралдар: «Не дәмді?» ертегісінің кейіпкерлері және азықтары.
Барысы: «Таңшолпан» бөбекжай бақшасында қаңтар айының 22-26 жұлдызы аралығында «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылымдар апталығы ұйымдастырылды. «Жұлдыз» тобы «Не дәмді?» ертегісін қолдорба атты театр түрінде ұйымдастырдық. Ертегімен тәрбиеленушілерді алдын-ала таныстырып өттік. Балалардың рөлдерін бөліп бердік. Рөлге балалар төмендегі тізім бойынша бөлінді:
Автор: Топ тәрбиешісі.
Тауық: Жолдас Асылым
Мысық: Нурмухамед Айша
Ит: Бауржан Шыңғыс
Қоян: Азаматқызы Айзере
Ешкі: Исмаил Айзат
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобы қаңтар айының 22-ші жұлдызында өткіздік. Тәрбиеленушілер өздеріне бөлінген рөлдерді өз деңгейінде орындап шықты.