«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңалықтары»
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңалықтары»
ата-аналар жиналысы
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру ата-аналар жиналысы семинар форматында өткізілді. «Таңшолпан» бөбекжай—бақшасының меңгерушісі – С.Н.Баубекова «Мектепке дейігі тәрбие мен оқытудың жаңалықтары» туралы түсіндірді.
Әдіскер Ж.Ш.Раймкулова №137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асырудағы ата-аналар ықпалдастығы» туралы мәлімдеді.. Ата-аналардың назарына балабақшадағы заттық-кеңістік дамытушы ортаны қалыптастырылуы туралы бейнематериал көрсетіліп, жиналыс соңында психолог Д.Дарибаева «Жүрек жылуы» психологиялық жаттығу өткізді.

