24
мамыр
2024
Тәжірибе алмасу - біліктілікті арттырудың кепілі
"Таңшолпан"бөбекжай-бақшасында керемет білімді,өнегелі,ізденімпаз педагогтар еңбек етеді.Бақша ішіндегі ауыз толтырып айтатын шаралардан басқа да жеткен жетістіктер жетерлі . Әр мереке-жаңа идея , фантазия,ізденістерге толы,шебер ұйымдастырылып өткізіледі.
Шымкент қаласында құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтардың "Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын трансформациялау: педагог тәжірибесіндегі бетбұрыс" өңірлік семинары өтті. Республика көлемінде ұйымдастырылған семинарға ауданымыздағы "Таңшолпан" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Бейсалиева Гульжан Сланбековна барып қайтты. Ауқымды семинарды бес тәжірибелік алаңға бөлді. Тәрбиеші Бейсалиева Гульжан Сланбековна 4- тәжірибелік алаңға яғни нөмері 68-ші "Балауса" бөбекжай-бақшасы Тажиева Мария Раушановна бастаған ұжымның таратқан озық тәжірибесі мен жаңашыл педагогикалық идеяларын, тәрбиеленушілердің өзін еркін ұстауына қарай жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын көріп өз қоржынын керемет идеялармен толтырып керемет көңіл күймен қайтты және әр өңірден барған мектепке дейінгі ұйымның педагогтарын Сертификатпен марапаттады.