«Ғажайып Жаңа жыл!» ертеңгілігі. » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғажайып Жаңа жыл!» ертеңгілігі.
26
желтоқсан
2023

«Ғажайып Жаңа жыл!» ертеңгілігі.

 «Түймедақ» мектепалды даярлық тобында «Ғажайып Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өткізілді.

Мақсаты:  Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
 Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары.
 Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, тақпақ айту.
 Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. «Түймедақ» тобында жаңа жылдық ертеңгілік жоғары деңгейде өткізіліп, ата-аналар белсенді қатысты. Балалар жаңа жылда түрлі ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, ән шырқап, би билеп,жаңа жылдық тақпақтарын айтып берді. Жаңа жылдық ертеңгілікте Мыстан кемпір, Сайқымазақ,қоян кейіпкерлері балалармен бірге көңіл көтерді.  Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар, Жаңа жыл қонаққа келді.Балалардың би,әндерін тамашалап, соңында  жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді. Балалар жаңа жылдық сыйлықтарын қуанышпен алып жақсы көңіл-күймен қайтты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив